Жалпы қабылдау
Құжаттарды қалай тапсыру керек?
admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.
Биыл Nazarbayev University-не
түсудің екінші мүмкіндігі
Академиялық жылдың ортасында бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдау - бұл Назарбаев Университетінде көктемгі семестрден бастап ақылы негізде оқуды бастағысы келетін талапкерлерге арналған қосымша мүмкіндік. Бұл қабылдау түрі мектепті жақында аяқтағандарға, оқуында үзіліс жасағандарға немесе мамандығын кейінірек таңдағандарға ыңғайлы. Іріктеу процесі бакалавриат бағдарламаларына Оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес стандартты қабылдау тәртібімен жүргізіледі.

Конкурсқа келесі талапкерлер қатыса алады:
  • Орта/жоғары мектепті аяқтаған талапкерлер;
  • Басқа жоғары оқу орындарының қазіргі студенттері.
Өтінім беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында Жеке кабинет ашу қажет.

Өтінім беру мерзімі:
  • 2025 жылғы 29 қыркүйек – 28 қараша (Астана уақыты бойынша сағат 14:00-ге дейін).

Тест нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі:
  • SAT/ACT және IELTS/TOEFL – 2025 жылғы 28 қараша (Астана уақыты бойынша сағат 23:59-ға дейін).

Маңызды: бакалавриат бағдарламаларының көктемгі семестріне ақылы негізде оқуға тапсырған талапкерлер “Назарбаев Университеті” білім беру гранты мен басқа да грант конкурстарына қатыспайды.

Қабылдау талаптары төмендегі кестеде көрсетілген:
Санаттар
IELTS/TOEFL
Талаптар
Сұхбат
Full-tuition based талапкерлері (ақылы түрде оқуға түсу)*
IELTS - 6.0
(жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5)

немесе

TOEFL iBT эквиваленті
GPA немесе эквивалент - 5.0-ден 4.0
немесе
ҰБТ ағылшын тілінде - жапы балл: 85
1. Математикалық сауаттылық: 10 нан 8
2. Оқу сауаттылығы 10 нан 8
Мектептің талабы бойынша
NUET талапкерлері
IELTS - 6.0
(жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5)

немесе

TOEFL iBT эквиваленті
240-тан 130 (әр пән бойынша 60:
Математика; Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары)
Мектептің талабы бойынша
SAT/ACT талапкерлері
IELTS - 6.0
(жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5)

немесе

TOEFL iBT эквиваленті
Digital SAT: 1240
немесе
ACT: 26
Мектептің талабы бойынша
IВ Diploma иегерлері
IELTS - 6.0
(жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5)

немесе

TOEFL iBT эквиваленті
IB Diploma нәтижелері: 30,
жоғары деңгейдегі үш пән бойынша 4/4/5
Мектептің талабы бойынша
A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері
IELTS - 6.0
(жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5)

немесе

TOEFL iBT эквиваленті
A-level/NIS Grade 12 Certificate нәтижелері:
A B B (таңдау пәндері бойынша)
Мектептің талабы бойынша
Халықаралық және/
немесе республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары
Талап етіледі, төменгі талаптар жоқ
  • Халықаралық пәндік олимпиада: соңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола медальдары
  • Республикалық пән олимпиадасы: ағымдағы жылғы алтын, күміс медальдары
Қажет
*Full-tuition based applicants санатындағы талапкерлер өтінім бергеннен кейін шартты/шартсыз оқуға шақыру хатын бірден алады. Бұл санаттағы талапкерлер бакалавриат бағдарламасының толық оқу ақысын төлейді.

Осы конкурс аясында оқуға қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрден, яғни 2026 жылғы қаңтар айынан бастайды.
Жалпы қабылдау талаптары*
Бұл жалпы қабылдау талаптары, қаржылай көмек пен гранттар негізінде оқуға түсу талаптары мына сілтемеде көрсетілген.
NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар:
Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.
Жалпы талаптар
Ең төменгі өту талаптары
Қосымша
Ағылшын тілінің деңгейі
IELTS Жалпы балл: 5.5;
Ең төменгі көрсеткіш: Жазу және Оқылым бойынша - 5.5, Тыңдалым және Сөйлеу бойынша 5.0

немесе

ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы
  • Өз есебінен төленді;
  • IELTS/TOEFL емтихандары жоғары ұпайсыз қарастырылады;
  • IELTS/TOEFL емтихандарын тест орталығында (қашықтықтан емес) жеке тапсыру керек;
  • Жақсартылған тілдік емтихан нәтижелерін кейінірек жібере аласыз. Мерзімі веб-сайтта қол жетімді болады.
GPA немесе эквивалент**


және/немесе


ҰБТ ағылшын тілінде***
5.0-тен 3.5



1. Математикалық сауаттылық: 10-нан 7
2. Оқу сауаттылығы: 10-нан 7
3. Жалпы балл: 75

  • *Бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек.
  • **Басқа бағалау шкалалары эквиваленттілік үшін GPA 5.0 шкаласына түрлендіру керек.
  • ***Тек белгіленген мерзімге дейін өұсынылған соңғы сертификат қарастырылады. Superscoring қолданылмайды.
Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар:
Бакалавриат жоғары білімнің алғашқы сатысы болып табылады. Стандартты оқу 4 жылға созылады.
Жалпы талаптар
Ең төменгі өту талаптары
Қосымша
Ағылшын тілінің деңгейі

IELTS жалпы балл: 6.0.
Ең төменгі көрсеткіш: 6.0 - Жазу; 5.5 - Тыңдалым, Сөйлеу, Оқылым

немесе

ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы
  • Өз есебінен төленді;
  • IELTS/TOEFL емтихандары жоғары ұпайсыз қарастырылады;
  • IELTS/TOEFL емтихандарын тест орталығында (қашықтықтан емес) жеке тапсыру керек;
  • Жақсартылған тілдік емтихан нәтижелерін кейінірек жібере аласыз. Мерзімі веб-сайтта қол жетімді болады.
GPA немесе эквивалент**

және/немесе

ҰБТ ағылшын тілінде***
5.0 тен 4.0


1. Математикалық сауаттылық: 10 нан 8
2. Оқу сауаттылығы 10 нан 8
3. Жалпы балл: 85

  • *Бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек.
  • **Басқа бағалау шкалалары эквиваленттілік үшін GPA 5.0 шкаласына түрлендіру керек.
  • ***Тек белгіленген мерзімге дейін өұсынылған соңғы сертификат қарастырылады. Superscoring қолданылмайды.
Маңызды мерзімдер
  • NUFYP және бакалавриат бағдармаларына онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:
    Жалпы қабылдау (NUFYP және бакалавриат бағдармалары)
    1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 27 қыркүйек - 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)
    2. Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 27 қыркүйек - 2026 жылдың 1 маусымы (14:00, Астана уақыты)
    3. Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 27 қыркүйек - 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)

    Қаржылай көмек және гранттар үшін соңғы мерзімдер:
    1. NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): 27 қыркүйек - 2025 жылғы 20 қараша (14:00, Астана уақыты)
    2. Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): 27 қыркүйек - 2026 жылғы 28 қаңтар (14:00, Астана уақыты) 
    3. Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): 27 қыркүйек - 2026 жылғы 28 қаңтар (14:00, Астана уақыты)
  • NUFYP және бакалавриат бағдармаларына IELTS/TOEFL тест нәтижелерді тапсыру соңғы мерзімі:
    Жалпы қабылдау (NUFYP және бакалавриат бағдармалары)
    1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (23:59, Астана уақыты)
    2. Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылдың 1 маусымы (23:59, Астана уақыты)
    3. Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (23:59, Астана уақыты)

    Қаржылай көмек және гранттар үшін соңғы мерзімдер:
    1. NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): IELTS/TOEFL: 2025 жылғы 8 желтоқсан (23:59, Астана уақыты)
    2. Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан  (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы12 ақпан (23:59, Астана уақыты)
    3. Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан  (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты). Соңғы SAT емтиханы: 2025 жылғы 6 желтоқсан. Соңғы ACT емтиханы: 2025 жылғы 13 желтоқсан
Оқу ақысы
  • Дайындық бағдарламасы
    Дайындық бағдарламасының оқу ақысы 2025/2026 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $12,000 (6 132 000 теңге) құрайды.
    Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
    Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
    Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
  • Бакалавриат бағдарламасы
    Бакалавриат бағдарламаларының оқу ақысы 2025/2026 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $15,000 (7 665 000 теңге) құрайды.
    Мейіргер ісі бакалавриат бағдарламасы үшін оқу ақысы бір оқу жылына 3 066 000 теңгені құрайды.
    Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
    Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
    Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Байланыс ақпараты
  • Өтініштерді қабылдау барысында Назарбаев Университетінің талапкерлерді қолдау орталығы әрқашан көмек көрсетуге дайын.
    Электрондық поштасы: info_admissions@nu.edu.kz
    Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84; +7 (747) 094 02 30
Қабылдау туралы тағы сұрақтарыңыз бар ма?
Бізге хабарласыңыз!