Өтінім бергеннен кейін сіздің ұсынушыларыңызға онлайн-нысанды пайдаланып ұсыным хатын ұсынуды талап ететін автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық
нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинет пен электрондық поштаңызды жиі қадағалаңыз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін.
Ағылшын тілінде өтетін сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз.
Өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мәселенің толық сипаттамасын, сонымен қатар ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен Жеке кабинетте үміткерге берілетін Applicant ID нөмірін
phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазыңыз.