Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
- Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.
Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: NU
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық
нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
- үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.