SOAS University of London және Nazarbayev University университеттерінен халықаралық деңгейдегі магистр дәрежесін алыңыз.
Бір дипломда — екі беделді университет
Жаһандық саясат және Еуразиялық зерттеулер саласындағы магистрі
MA in Global Affairs and Eurasian Studies бірлескен магистрлік бағдарламасы — Nazarbayev University және SOAS University of London университеттерінің халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, энергетика, мәдениет және саясат саласындағы жетекші сарапшылары әзірлеген бірлескен бағдарлама. 
Сіз жаһандық және өңірлік державалардың өзара әрекеттесуін — дипломатия мен қауіпсіздіктен бастап энергетика, экология, сауда және мәдениетке дейін зерттейсіз.
Негізгі ақпарат
  • Оқыту тілі: ағылшын тілі
  • Оқу ұзақтығы: 1 жыл, full-time
  • Бағдарламаның басталуы: 2026 жылғы қыркүйек (алғашқы қабылдау)
  • Оқу ақысы: жылына £15,000 
Оқу форматы
  • 1 семестр — Лондон, SOAS University of London
  • 2 семестр — Астана, Nazarbayev University, Саясаттану және халықаралық қатынастар департаменті
Бағдарлама кімдерге арналған:
  • дипломатия, халықаралық ұйымдар, қорлар, аналитикалық орталықтар және академиялық салада жұмыс істегісі келетіндерге;
  • сыни ойлауды дамытып, саяси тәуекелдерді талдап, факт пен жалған ақпаратты ажырата білгісі келетіндерге;
  • Еуразиямен байланысты халықаралық мансап құрғысы келетіндерге.
NU–SOAS форматының артықшылықтары
  • Екі университет — екі астана

    • Лондон — дипломатия мен халықаралық қатынастардың әлемдік орталығы;
    • Астана — мемлекеттік, дипломатиялық және өңірлік институттарға тікелей қолжетімділігі бар Еуразияның маңызды астанасы.
  • Бірлескен академиялық қолдау

    • NU және SOAS оқытушыларынан ғылыми жетекшілік;
    • Студенттерге арналған бірыңғай қолдау жүйесі.
  • Бірыңғай төлем жүйесі

    • Бағдарламаның толық кезеңіне арналған бір төлем механизмі;
    • Виза, тұру және логистика бойынша қолдау.
  • Халықаралық брендтер

    • SOAS — Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуразияны зерттеу бойынша әлемдегі жетекші орталықтардың бірі;
    • NU — халықаралық академиялық стандарттары бар Орталық Азиядағы жетекші университет. 
Бағдарлама құрылымы
  • 1 cеместр
    SOAS, London
    Міндетті модуль:
    «Орталық Азия және Кавказ» — өңірді терең зерттеуге арналған курс.

    Таңдау пәндері:
    • халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және дипломатия;
    • саяси экономика, энергетика және экология;
    • Еуразия мәдениеті, тарихы және қоғамдары. 
  • 2 cеместр
    NU, Astana
    Саясат және Еуразиялық зерттеулер бойынша қосымша міндетті модуль

    NU-дың мамандандырылған пәндері:
    • Еуразия саясаты;
    • Халықаралық қатынастар;
    • Геосаясат, энергетика және қауіпсіздік.
    Академиялық кредит берілетін міндетті тағылымдама:
    • дипломатиялық миссиялар;
    • қорлар;
    • үкіметтік емес ұйымдар (NGO);
    • Астанадағы халықаралық ұйымдар.
Қабылдау талаптары
  • Академиялық білім

    Степень бакалавра (Bachelor’s degree with honours) или международный эквивалент

  • Ағылшын тілі бойынша талаптар

    • IELTS — кемінде 6.5

    немесе

    • TOEFL — 95 балл
    • (Writing бөлімі бойынша кемінде 23 балл және қалған бөлімдер бойынша кемінде 20 балл)
  • Қосымша талаптар

    • Мотивациялық хат;
    • Түйіндеме (CV);
    • Академиялық транскрипттер мен дипломдар;
    • Мотивация халықаралық қатынастармен, Еуразиямен және болашақ мансаптық мақсаттармен байланысты болуы тиіс (құжаттарды тапсыру кезінде нақтылау қажет)
  • Маңызды күндер

    Қазақстан азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілдеге дейін


    Халықаралық талапкерлер үшін: 2026 жылғы 1 маусымға дейін

Виза туралы ақпарат