НЕЛІКТЕН NAZARBAYEV UNIVERSITY?
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ
Халықаралық академиялық тәжірибесі бар оқытушылар мен зерттеушілерден ағылшын тілінде білім ал.
NU білім беру бағдарламалары іргелі теориялық білімді, заманауи оқыту әдістерін және практикалық дайындықты біріктіреді.
Қазақстаннан шықпай-ақ халықаралық деңгейдегі білім алу тәжірибесіне ие бол.
АУДИТОРИЯДАН ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚҚА ДЕЙІН
NU-да білім алу дәрістер мен емтихандармен ғана шектелмейді.
Заманауи зертханаларда жұмыс істе, ғылыми жобаларға қатыс, нақты мәселелердің шешімін ізде және өз идеяларыңды жүзеге асыр.
Бакалавриатта оқып жүрген кезіңнен бастап ғылым мен технология саласындағы алғашқы қадамдарыңды жаса.
МАНСАБЫҢ УНИВЕРСИТЕТТЕН БАСТАЛАДЫ
NU студенттерге оқу барысында-ақ болашақ кәсіби қызметіне дайындалуға көмектеседі.
Түлектердің 95%-дан астамы жұмыспен қамтылған.
Жұмыс берушілер бағалайтын дағдыларды дамыт, мансаптық іс-шараларға қатыс, тағылымдамадан өт және түрлі компаниялардың өкілдерімен таныс.
Кәсіби байланыстар орнатып, Қазақстанда және шетелде мансап құруға дайындал.
NU — тек білім алатын орын емес, халықаралық студенттік қауымдастық қалыптасқан орта.
Студенттік клубтар, спорт секциялары, кәсіпкерлік бастамалар, түрлі іс-шаралар мен бірлескен жобалар пікірлес достар табуға және өз идеяларыңды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бір кампуста өмір сүр, білім ал, зертте және болашағыңды қалыптастыр.