Назарбаев Университетінің бакалавр бағдарламаларына гранттар


»
Болашағыңызды NU-мен бірге құрыңыз!
Назарбаев Университеті (NU) – бұл Қазақстан Республикасының астанасы, Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді зерттеу университеті.

Университетте оқуға түсу және оқу меритократия принциптеріне негізделген, профессормен бірлескен жұмыс пен оқудың алғашқы күнінен бастап зерттеу қызметін қамтиды.

Біздің түлектер жер туралы ғылымдар, цифрлық ғылымдар, мемлекеттік басқару, білім беру, инженерия, медицина және т. б. салада әлемдік деңгейдегі диплом алады.

»
NU-ды таңдаудың негізгі себептері
Халықаралық ОПҚ
NU оқытушы-профессорлар құрамына (ОПҚ) әлемнің 60 елден, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Оңтүстік Корея, Италия, Австралия және Үндістанның өкілдерінен бар.

NU-да 538 профессор және 72 ассистент-оқытушы жұмыс істейді.
Ғылыми көшбасшылық
NU ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізуге ұмтылады және өз зерттеулерінің нәтижелерін ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін пайдалануға мүдделі.

NU студенттерге жан-жақты зерттеу тәжірибесін алуға және озық ғылыми жұмыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық
NU оқытушылары мен зерттеушілері Колумбия, Гарвард, Принстон, Кембридж, Оксфорд, Сеул ұлттық университеті, Токио университеті, Гонконг университеті және басқаларын қоса алғанда, 800-ден астам халықаралық университеттер және ұйымдармен ынтымақтаса отырып, кең халықаралық зерттеу желісін құрды.
Студенттік өмір
NU кампусы – бұл студенттердің академиялық, кәсіби және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы орын.

Кампуста заманауи кітапхана, дәріс залдары, зерттеу зертханалары, спорт орталықтары мен алаңдары, жатақханалар, асханалар, дүкендер және студенттерді қолдау орталықтары орналасқан.
NU Инновациялық кластері
Университет қабырғасында да, сыртында да кәсіпкерлік және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға баса назар аударады.

Инновациялық кластер төрт негізгі элементтен тұрады: технопарк, Бизнес-инкубатор, ABC-12BF венчурлық қоры және коммерцияландыру офисі.
Халықаралық жұмысқа орналасу
NU түлектерінің бір бөлігі (8%) Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде жұмыс істейді.

Олар Силикон алқабында орналасқан жетекші технологиялық алыптарда, ірі өнеркәсіптік және инжинирингтік компанияларда, университеттерде және әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтарында және т. б. жұмысқа орналасты.

»

NU-ға оқуға түсу туралы

көбірек білгіңіз келеді ме?


»
Стратегиялық серіктестер

»
Академиялық бағдарламалар
2
Университет алдындағы дайындық бағдарламалары (NUFYP), сондай-ақ магистратура бағдарлама-ларының дайындық жылы (NUZYP)
22
Бакалавриат бағдарламалары
30
Магистратура бағдарламалары
18
Докторантура бағдарламалары

»

»
Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 17 сәуірді қоса алғанда;
  • «NUET талапкерлері» санатындағы талапкерлер үшін 2022 жылғы 29 желтоқсанды қоса алғанда;
  • Шетелдік талапкерлер үшін 2023 жылғы 9 наурызды қоса алғанда.

»

»
Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 53
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы,
Қабанбай батыр даңғылы, 53